Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында «Интергаз Орталық Азия» АҚ ұжымымен кездесу өтті.

Маусым 18, 2026 | Қаралымдар: 1336

Кездесудің спикері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Дмитрий Сергеевич Полтаренко болды.

Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздік мәселелері, көпконфессиялы қоғамдағы өзара құрметті нығайту, зайырлылық қағидаттарын сақтау және радикализмнің алдын алу тақырыптары талқыланды. Қатысушылар радикалды идеялардың қоғамға төндіретін қауіптері мен бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтауда әрбір азаматтың рөлі туралы пікір алмасты.

Ашық диалог форматында радикалданудың алдын алу, сыни ойлауды дамыту және қауіпсіз әрі үйлесімді қоғам қалыптастырудың негізі болып табылатын рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мәселелері қарастырылды.