Павлодар облысы

Бүгін Павлодар қаласындағы С. Торайғыров атындағы №28 мектептің аумағында тамаша шуақты күні ағаш отырғызу акциясы өтті

Сәуір 28, 2026 | Қаралымдар: 99

Ұлы Отан соғысындағы ата-бабаларымыздың Жеңісіне тағзым ретінде отырғызылған 85 көшет өсіп, қаламызды көркейтіп, жасыл желекке бөлеп, жайлы ете түседі.

«Жеңіс аллеясы» акциясы бірнеше жылдан бері Павлодар облысының Азаматтық Альянсына мүше ұйымдар — «Майдан Жолы» және «Жерге бақ сыйла» қоғамдық бірлестіктерінің бастамасымен өткізіліп келеді.

Мектеп директорына белсенді ынтымақтастығы және оқушылардың бойына табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншілікті нақты істер арқылы сіңіруге қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.