Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Астана күні құтты болсын!

Шілде 6, 2026 | Қаралымдар: 326

Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы, ел бірлігінің, тұрақтылығы мен дамуының айқын көрінісі. Бүгінде елорда қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірдің маңызды орталығы ретінде мемлекеттілікті нығайтуға, Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға және еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға зор үлес қосып келеді.

Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік пен татулық тілейміз. Елордамыздың өркендеуі мен дамуы жалғаса берсін, ал Қазақстанымыз жаңа жетістіктерге жетіп, кемел болашаққа нық қадам баса берсін!