Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Бүгін Қазақстанның Азаматтық альянсы барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестердің хатшыларына арналған «KazKenes» ақпараттық жүйесі бойынша онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар ақпараттық жүйеде жұмыс істеудің негізгі талаптарымен танысып, ақпаратты уақтылы әрі дұрыс орналастыру бойынша практикалық ұсынымдар алды, сондай-ақ жеке кабинеттерді әкімшілендіруге қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелерге ие болды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жүйемен жұмыс істеудің өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты.