BIRGEMIZ EKB гранты — REAL жобасын күшейтіп, маңызды әлеуметтік тақырыптарды әндер, бейнеклиптер, сұхбаттар және шынайы оқиғалар арқылы көтеруді жалғастыруға берілген мүмкіндік.
Алда жасөспірімдер, буллинг және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы жаңа шығарылымдар бар.
Сенім білдіріп, қолдау көрсеткені үшін «Павлодар облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығына, байқауды ұйымдастырушы Жастар бастамаларын дамыту орталығына және Екібастұз қаласының басшылығына алғысымызды білдіреміз.
REAL — шынайы өмір туралы сөйлейтін музыка.