Қарағанды облысы

2026 жылғы 19 маусымда Қарағанды қаласындағы Абай атындағы облыстық кітапханада «Ұрады — демек өлтіреді» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Маусым 20, 2026 | Қаралымдар: 84

Бұл оқырмандармен өткен жай ғана кездесу емес, Қазақстандағы ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болып отырған тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған ашық әрі маңызды әңгіме болды. Кітап ауыртпалықты, қорқынышты жеңіп, жаңа өмір бастаған қарапайым әйелдердің шынайы оқиғаларына негізделген.

Іс-шараға кітап кейіпкерлерінің қатысып, өз өмірлік оқиғаларымен бөлісуі ерекше мән берді. Сондай-ақ заңгер мен психолог сөз сөйлеп, зардап шеккендерді құқықтық қорғау тетіктері мен психологиялық қолдау мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Шараға Қазыбек би ауданының жобаларына қамтылған қатысушылар да қатысты. Олардың қатарында қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен пробация қызметінің есебінде тұрған әйелдер болды.