Қарағанды облысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.2-тармағына сәйкес Департаменттің және аудандық (қалалық) органдардың қызметкерлерінің қатысуымен (Zoom платформасы арқылы) профилактикалық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – заңнамамен белгіленген шектеулер мен тыйымдардың сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Семинарға Қарағанды облысының Дін істері жөніндегі басқармасының өкілі, заңгер, дінтанушы Серік Қуатұлы Тілекбаев қатысты.
Семинар барысында:
- мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуының алдын алу, діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, діни көзқарастарды күштеп таңуға жол бермеу, есірткіге және уытқұмарлыққа тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеу мәселелері;
- әдеп нормалары мен талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындау, іскерлік әдеп қағидаларын сақтау және құмар ойын орындарына барудың алдын алу мәселелері түсіндірілді.