Қарағанды облысы
«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС филиалында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және кәсіби қызметте адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және еңбек ұжымдарында адалдық, ашықтық пен әділдік құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулдың мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.