Қарағанды облысы
«Шахтинск қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ жанындағы коворкинг-орталықта орталық қызметкерлері мен қаланың белсенді жастарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғамда ашықтық, адалдық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинардың спикері Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулдың мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы болды.