Қарағанды облысы
«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында «InLife» ЖШС емханасының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесудің спикері Дмитрий Сергеевич Полтаренко болды — Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы, Қарағанды облысы бойынша «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ филиалының жетекшісі, Қарағанды облысындағы жергілікті діни бірлестіктер басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.
Кездесу барысында қатысушылар «Радикалданудың алдын алу және Қазақстан Республикасының зайырлылық қағидаттары» тақырыбын талқылады.