Қарағанды облысы
Шахтинск қаласының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулдың мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы сөз сөйледі.