Қарағанды облысы
Шахтинск қаласының Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинардың спикері Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулдың мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямқызы болды.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, кәсіби қызметтегі ашықтық пен айқындықты арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің адалдық және әдеп қағидаттарын нығайту мәселелерін талқылады.