Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға бағытталған, сарапшылық сүйемелдеуі бар «Ауыл 2.0» онлайн-акселераторына тіркелу басталды.

Шілде 24, 2026 | Қаралымдар: 825

Егер сіз сапалы әлеуметтік жобалар әзірлеуді, гранттық қаржыландыру мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бәсекеге қабілетті өтінімдер дайындауды үйренгіңіз келсе, сондай-ақ сарапшылардан тәжірибелік кеңес пен қолдау алғыңыз келсе, сізді бағдарламаға қатысуға шақырамыз.

9 апта бойы қатысушылар әлеуметтік жобалаудың негізгі қағидаларын меңгеріп, қаржыландырудың түрлі бағыттары бойынша жобалық өтінімдерді әзірлеу ерекшеліктерімен танысады.