Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Бүгін Қазақстанның Азаматтық альянсы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) сайлауды байқау жөніндегі миссиясының сайлау мәселелері жөніндегі талдаушысы Зофия Люткевичпен кездесу өткізді.

Шілде 31, 2026 | Қаралымдар: 228

Кездесу ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның кезектен тыс сайлауды байқау жөніндегі миссиясы аясында өтті.

Кездесу барысында алдағы сайлау үдерісі аясындағы Қазақстанның Азаматтық альянсының қызметі, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ елдегі үкіметтік емес сектордың қазіргі даму үрдістері талқыланды.

Мұндай кездесулер ашық диалогты дамытуға, пікір алмасуға және халықаралық байқау миссиялары мен Қазақстанның азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.