Ақтөбе облысы
Ағымдағы жылдың 22 мамырында Астана қаласында «Цифрлық дәуірдегі заңдылық: реформалардағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» тақырыбында Қазақстанның өңірлік Азаматтық альянстарының көшбасшыларына арналған республикалық семинар өтуде.
Қазақстанның Азаматтық альянсы азаматтық қоғамды дамыту мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға арналған бұл маңызды диалог алаңын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.
Семинардың бірінші жартысында қатысушылар қазіргі саяси реформаларды, заңнамадағы өзекті өзгерістерді, цифрлық шешімдерді және үкіметтік емес ұйымдардың елдің демократиялық даму үдерістеріне қатысу тетіктерін талқылады. Сонымен қатар қоғамдық мониторинг, құқықтық ағарту және қоғамдық тұрақтылықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Күннің екінші жартысында семинар бағдарламасы көшпелі іс-шаралармен жалғасады. Оның аясында қатысушылар әлеуметтік бастамаларды іске асыру тәжірибесімен, заманауи цифрлық шешімдермен және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тәжірибелерімен танысады.