Ақтөбе облысы
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
31 мамыр күні Ақтөбе облысында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және қоғам белсенділері қатысты.
Жиналғандар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, олардың жарқын естелігін бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ мемориалға гүл шоқтарын қойып, тарихтың қасіретті беттерінен сабақ алудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл күн – өткенді ұмытпай, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына құрмет көрсетіп, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудың маңызды нышаны.