Ақтөбе облысы
Бүгін Ақтөбе облысының Азаматтық орталығында «Жаңа Конституция және азаматтық қоғам: ортақ жауапкершілік, ортақ болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында Конституцияның қоғам өміріндегі орны, азаматтық қоғам институттарының рөлі, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар конституциялық құндылықтарды нығайту, қоғамдық белсенділікті арттыру және азаматтық бастамаларды қолдау бағытында өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арыстанбек Түлеуов өңірде белсенді жұмыс жүргізіп жүрген екі қауымдастықтың төрағаларына Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымдарын табыстады.
Іс-шара сұрақ-жауап және пікір алмасу форматында жалғасып, қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша тәжірибе алмасып, өз ұсыныстарын талқылады.