Ақтөбе облысы

Бүгін Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Ақтөбе облыстық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Шілде 31, 2026 | Қаралымдар: 1160

Отырысқа Кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес 2027 жылға арналған облыстық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру тақырыптарын бекіту, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобаларды бағалау үшін азаматтық қоғам өкілдерінен сарапшылар кеңесін құру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсыну қорытындылары және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған жобалар қарастырылды.

Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытуда және мемлекеттік саясатты іске асыруда маңызды рөл атқарып келеді.