Қостанай облысы
Қостанай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Қостанай облысының Азаматтық альянсы «ГрИн» қоғамдық қоры есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу саласындағы күш-жігерді біріктіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат профилактикалық іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыруды, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік және білім беру жобаларын ұйымдастыруды, сондай-ақ қоғамда есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен тұтынуына теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
Меморандумға қол қою есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ салауатты әрі қауіпсіз өмір салты құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болмақ.