Түркістан облысы

«1 мақсат, 1 қоғам, 1 болашақ» – Түркістан облысының ҮЕҰ өкілдеріне арналған тимбилдинг өтті

Шілде 11, 2026 | Қаралымдар: 74

9–10 шілде күндері Алматау төрінде өткен тимбилдинг іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне сәтті жетті!

Екі күнге созылған бұл кездесу ұжымдық бірлікті нығайтып қана қоймай, маңызды идеялар мен бастамалардың тоғысқан алаңына айналды. Тимбилдинг барысында еліміздің жаңа конституциялық құндылықтары, азаматтық жауапкершілік және азаматтық қоғамның рөлі жан-жақты талқыланды.

Біздің басты құндылығымыз – ортақ мақсат жолында біріккен жауапты әрі ұйымшыл команда. «1 мақсат, 1 қоғам, 1 болашақ» қағидатын басшылыққа ала отырып, жаңа жетістіктерге бірге қадам басамыз!

Бірге өткізген әрбір сәт – ортақ жетістігіміздің берік негізі. Алда бізді жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ күтіп тұр!