Түркістан облысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолында – спорттың маңызы зор!

Шілде 31, 2026 | Қаралымдар: 1207

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы аясында Түркістан облысының Азаматтық альянсы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастыруымен аудан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға арналған футбол турнирі өтті.

Турнирдің негізгі мақсаты – жастар мен аудан тұрғындары арасында адалдық, әділдік, заңға құрмет және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Спорттық жарысқа ауданның әртүрлі елді мекендерінен құралған командалар қатысып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар жеңіске деген жігерімен қатар, өзара сыйластықты, ұйымшылдықты және әділ ойын қағидаттарын жоғары деңгейде паш етті.

Осындай іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік ұстанымды нығайтуға ықпал етеді.

Адал қоғам – әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады!