Түркістан облысы

«ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» АТТЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Там. 1, 2026 | Қаралымдар: 1252

Отырар ауданының Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жастар арасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар» жобасы шеңберінде Машат демалыс аймағындағы «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде «Есірткіге жол жоқ!» атты сурет байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы түсінікті арттыру және шығармашылық арқылы олардың есірткі мен зиянды әдеттерге қарсы көзқарасын қалыптастыру.

Қатысушылар өз жұмыстарында есірткінің қоғамға тигізетін зиянын бейнелеп, салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығын шығармашылық тұрғыдан көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық оқушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Осындай тағылымдық іс-шаралар жастардың құқықтық және әлеуметтік иммунитетін нығайтуға, саналы таңдау жасауына және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.