Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған адаммен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Там. 4, 2026 | Қаралымдар: 52

Іс-шараның спикері — Дмитрий Сергеевич Полтаренко, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы Медиация кеңесінің төрағасы, «Контртеррористический комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы, Қарағанды облысының діни бірлестіктері басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті жанындағы дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Кездесу барысында «Радикалданудың алдын алу және Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттары» тақырыбы қарастырылды. Қатысушыға діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық қағидаттарының маңызы, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылу тәуекелдері және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік түсіндірілді.