Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Қазыбек би атындағы ауданның пробация қызметінде есепте тұрған адаммен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Там. 4, 2026 | Қаралымдар: 57

Іс-шараның спикері — Дмитрий Сергеевич Полтаренко, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы Медиация кеңесінің төрағасы, «Контртеррористический комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы, Қарағанды облысының діни бірлестіктері басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті жанындағы дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Кездесу барысында «Радикалданудың алдын алу және Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттары» тақырыбы қарастырылды. Қатысушыға діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары, мемлекеттің зайырлы сипатының маңызы, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылу тәуекелдері түсіндірілді.

Ерекше назар Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, құқыққа қайшы әрекеттер үшін заң алдындағы жауапкершілік және діни сипаттағы ақпаратқа сыни тұрғыдан қараудың маңыздылығы мәселелеріне аударылды.