Қарағанды облысы

5 тамызда Қазақстанда Медиация күні – медиаторлардың кәсіби мерекесі атап өтіледі!

Там. 5, 2026 | Қаралымдар: 54

Кеше Қарағанды облысы Медиация кеңесінің «Диалог, сенім және медиация: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының құндылықтарын іске асыру» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында әріптестердің баяндамалары тыңдалып, түрлі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шара соңында бірқатар әріптестерге алғыс хаттар табысталды.

Қазақстандағы медиация институты бүгінде кәсіби деңгейі жоғары сала ретінде қалыптасып келеді. Тәжірибе алмасу, кәсіпорындарда және жоғары оқу орындарында диалог кездесулерін өткізу қатысушылар аясын кеңейтіп, қоғамның барлық мүшелерін қауіпсіз әрі жайлы ортада конструктивті коммуникацияға тартуға мүмкіндік береді.

Медиация түрлі жағдайларды бейтарап түрде реттеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, ең бастысы, осындай жанжалдардың алдын алуға ықпал етеді.

Баршаңызды мерекемен және Қазақстандағы медиация институтының 15 жылдығымен құттықтаймыз!

Медиация саласының одан әрі дамып, өркендеуіне, кәсіби жетістіктерге, күш-қуатқа, елімізге бейбітшілік пен келісім тілейміз!