Қарағанды облысы
Осакаров ауданында Республикалық бірыңғай медиация күні өтті
2026 жылғы 5 тамызда Осакаровка кентіндегі «Жастар» балалар-жасөспірімдер орталығы» КМҚК-да Республикалық бірыңғай медиация күні аясында Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында кәсіби және қоғамдық медиаторлар азаматтарды қабылдап, өзекті құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес берді. Сонымен қатар даулар мен жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуде медиацияны қолдану мүмкіндіктері түсіндірілді.
Іс-шараға кәсіби медиаторлар Шардарбекова Света Мұхамедиевна, Полтаренко Дмитрий Сергеевич және қоғамдық медиатор Нұраева Бақыт Тұрсыновна қатысты.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, дауларды бейбіт жолмен шешу мәдениетін дамытуға және қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.