Қарағанды облысы

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты «61 мекеме» РММ-де жазасын өтеп жатқан сотталғандармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Там. 8, 2026 | Қаралымдар: 54

Кездесудің спикері — Дмитрий Сергеевич Полтаренко, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы Медиация кеңесінің төрағасы, «Контртеррористический комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы, Қарағанды облысының діни бірлестіктері басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті жанындағы дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Кездесудің негізгі тақырыбы «Радикалданудың алдын алу және Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттары» болды. Қатысушыларға діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары, мемлекеттің зайырлы сипатының маңызы, сондай-ақ діни радикализмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді.