Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жобасы аясында «Шапағат» балалар үйінде мекеме қызметкерлерімен кездесу өтті.

Там. 13, 2026 | Қаралымдар: 1150

Іс-шараның спикері — Канаев Даурен Шегениязович, «Нұрлы білім» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» ҚБ басшысы.

Кездесудің тақырыбы — «Радикалданудың алдын алу және Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттары». Диалог барысында экстремистік идеялардың таралу себептері, олардың қоғамға әсері, сондай-ақ радикалданудың алдын алу мәселелері қарастырылды.

Әлеуметтік мекеме мамандарының тұрақты құндылықтық бағдарларды қалыптастырудағы және адамдардың деструктивті ағымдарға тартылуының алдын алудағы рөліне ерекше назар аударылды.