Қарағанды облысы
«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында «Үміт» оңалту орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесудің спикері — Дмитрий Сергеевич Полтаренко, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы Медиация кеңесінің төрағасы, «Контртеррористический комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы, Қарағанды облысының діни бірлестіктері басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті жанындағы дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.
Кездесу барысында қатысушылар «Радикалданудың алдын алу және Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттары» тақырыбын талқылады.