Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Қарағанды облысы Абай ауданындағы Топар кентінде «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында жүзеге асырылған «Инклюзивті аллея: гарден-терапия және кедергісіз отбасылық демалыс» әлеуметтік-экологиялық жобасы сәтті аяқталды.
Бастама 80-нен астам қатысушыны біріктіріп, мүгедектігі бар балалар мен жастарға, олардың отбасыларына қолдау көрсетуге, сондай-ақ инклюзивті ортаны және қоғамдық белсенділікті дамытуға бағытталған алаңға айналды.
Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының үйлестіруімен шағын грант аясында «Тамаша Адам» мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.
Жобаның алғашқы іс-шараларының бірі экологиялық акция болды. Қатысушылар сирень көшеттерін отырғызып, ауылды абаттандыру жұмыстарына қатысты. Акцияға мүгедектігі бар адамдар, олардың отбасы мүшелері, еріктілер және кент тұрғындары қатысты.