Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ қоғамдық бақылау тәжірибесін дамытуға және қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыруға бағытталған шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Бір шағын гранттың мөлшері — 500 000 теңге.
Жобалар төмендегі басым бағыттардың біріне сәйкес келуі тиіс:
- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қоғамдық бақылау жүргізу;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен қоғамдық инфрақұрылымды дамыту;
- экология және аумақтардың санитариялық жағдайы мәселелері;
- мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді орта қалыптастыру.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін (қоса алғанда) сағат 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінімдер қазақ немесе орыс тілінде электрондық түрде civilalliance20@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.