Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Ақмола облысында тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамытуға бағытталған MADENIETTI MURA жобасы аясында шағын гранттар конкурсының жеңімпазы атанған «ЭтноЛагерь» жобасы жүзеге асырылды.
Жоба жастардың Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өскелең ұрпақты мәдени мұраны сақтауға бағытталған волонтерлік қызметке тартуға бағытталды.
Бағдарлама аясында білім беру сабақтары, тренингтер, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, көрме мен киіз үй жасау шеберханасына экскурсия өткізілді. Қатысушылар дәстүрлі қолөнермен танысып, шеберлік сабағына қатысып, этноволонтерлердің қызметі туралы көбірек ақпарат алды.