Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында табиғи және тарихи-мәдени нысандарды вандалдық жазулардан тазарту бойынша акция өтті.
Бастама «Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» бағыты бойынша шағын грант иегері Санақбай Жанарай Сансызбайқызының «Өз елімізде із қалдырмай Sayahattime» жобасы аясында жүзеге асырылды.
Акцияға «Madeni Mura» клубының волонтерлері мен Қарағанды облысының белсенділері қатысты. «Үш үңгір» ұлттық паркінің аумағында қатысушылар жартастардың бетіндегі вандалдық жазуларды тазарту жұмыстарын жүргізіп, аумақтың табиғи келбеті мен мәдени құндылығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Мұндай бастамалар нысандарды тікелей қалпына келтірумен қатар, азаматтардың ұлттық табиғи және тарихи-мәдени мұраға деген жауапты көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте жастар мен волонтерлерді мұраны сақтау жұмыстарына практикалық тұрғыда тартудың маңызы зор.