Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Бүгін Астанада «Азаматтық қоғам және ТДМ: 2030 жылға дейін мақсаттарға қол жеткізуді жеделдету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның, сарапшылар қауымдастығы мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Қатысушылар Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі ілгерілеуін, азаматтық қоғамның ТДМ-ды іске асыру мен мониторингіне қатысуын, сондай-ақ серіктестікті нығайту және ТДМ-ды өңірлік деңгейде іске асыру мәселелерін талқылады.
Интерактивті топтық талқылаулар барысында қатысушылар негізгі кедергілерді анықтап, ТДМ-ға қол жеткізудегі азаматтық қоғамның қатысуын күшейту бойынша практикалық ұсыныстар әзірледі.
Дөңгелек үстел 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы ашық диалог пен бірлескен шешімдер іздеуге арналған маңызды алаңға айналды.