Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Ақкөл ауданында «JASYL EL» жастар еңбек жасақтарының жазғы еңбек маусымы өтті
2026 жылғы маусым–шілде айларында Ақмола облысы, Ақкөл ауданында «JASYL EL» жастар еңбек жасақтары Ақкөл аудандық штабының жазғы еңбек маусымы ұйымдастырылып, жастарды уақытша жұмыспен қамту, олардың еңбекке араласуына жағдай жасау, қоғамдық пайдалы еңбекке тарту және аудан аумағын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына жастардың үлесін арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді.
Жоба аясында жалпы 45 жас «JASYL EL» жастар еңбек жасақтарының құрамына тартылып, жазғы кезеңде еңбек қызметін атқарды. Жастардың қатысуы олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, еңбек тәжірибесін жинақтауға, жауапкершілік пен еңбек тәртібін қалыптастыруға, сондай-ақ туған жерінің әлеуметтік және экологиялық дамуына өз үлесін қосуына мүмкіндік берді.
Жазғы еңбек маусымының негізгі мақсаты – жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту арқылы олардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, уақытша жұмыспен қамту мүмкіндігін ұсыну, жастардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру және Ақкөл ауданының аумағын абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге олардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету болды.
Аталған жұмыстардың барлығы Ақкөл ауданының санитарлық және эстетикалық жағдайын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктердің көріктенуіне және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
Жастардың еңбек қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасымен сабақтастырыла отырып ұйымдастырылды. Жоба аясында жастар қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге және қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстауға бағытталған жұмыстарға белсенді араласты.