Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қатысушылар көл маңындағы аумақты тазарту жұмыстарын жүргізді.
Акция табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтауға, табиғи нысандарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және вандализмнің алдын алуға бағытталды.
Іс-шараға волонтерлер, экологиялық бағыттағы инфлюенсерлер, азаматтық қоғам өкілдері және MADENI MURA клубының мүшелері қатысты. Сондай-ақ бастамаға Бурабай ауданындағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының өкілдері мен «Жасыл ел» республикалық штабының өкілдері қосылды.