Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Қазақстанда ауылдық жерлерде тұратын жас отбасылар мен әйелдерді қолдауға, сондай-ақ педагогтер мен психологтардың психологиялық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру аяқталды.

Там. 31, 2026 | Қаралымдар: 151

«Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту» бағыты бойынша шағын грант аясында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында «Әйел.Қоғам.Болашақ» қоғамдық бірлестігі жас отбасылар мен ауыл әйелдерін қолдауға бағытталған «Берекелі отбасы – бақытты болашақ» жобасын жүзеге асырды.

«Әлеуметтік волонтерлікті дамыту» бағыты бойынша шағын грант аясында «Кәсіби күйзелісті төмендету және практикалық құралдарды енгізу арқылы мектеп психологтары мен педагогтерінің жұмыс тиімділігін арттыру. Қазақстан Республикасының мектеп психологтары мен педагогтеріне жүйелі әдістемелік және психологиялық қолдау көрсету» жобасы жүзеге асырылды.

Алматы облысында, сондай-ақ Астана, Алматы, Тараз және Түркістан қалаларында барлығы 85 іс-шара өткізіліп, оған 2 977 адам қамтылды.