Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«Abai Route Quiz: Бірлік пен мұра жолы» – жастар Абай әлеміндегі білімдерін сынады

Қыр. 2, 2026 | Қаралымдар: 603

Қауымдастық нысанындағы «Қазақстан Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Тарих пен мәдениет саласында волонтерлікті дамыту» жобасы аясында «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында «Abai Route Quiz: Бірлік пен мұра жолы» атты интеллектуалды викторина өтті.

Танымдық сайыстың мақсаты – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, жастардың тарихи-мәдени білімін тереңдету және ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыру.

Қатысушылар командаларға бөлініп, ұлы ақынның өмір жолы, шығармалары, қара сөздері, ақындық мектебі, Абайға қатысты тарихи мекендер мен тұлғалар бойынша білімдерін сынады. Қызықты сұрақтар мен интерактивті тапсырмалар жастардың белсенділігін арттырып, топпен жұмыс істеу және ортақ шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

Викторина барысында Абай шығармаларындағы білім, ғылым, еңбек, әділет, адамгершілік және ел бірлігі тақырыптарына ерекше назар аударылды.

«Abai Route Quiz: Бірлік пен мұра жолы» – білім мен тапқырлықты, ұлттық құндылықтар мен мәдени волонтерлікті ұштастырған мазмұнды алаңға айналды.

Абай мұрасы – ұрпаққа бағыт беретін рухани қазына!