Маңғыстау облысы
«Enhancing Methane Transparency and OGMP 2.0 in Mangystau Oil and Gas» жобасының басталуы
Маңғыстау облысының мұнай-газ секторындағы экологиялық деректердің ашықтығын арттыруға және метан шығарындыларын азайту саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жобаны іске асыруды бастаймыз.
Жоба аясында мемлекеттік органдармен, мұнай-газ компанияларымен, азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары және академиялық қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, метан туралы деректердің ашықтығы және OGMP 2.0 стандартын қолдану бағытындағы білім деңгейі мен практикалық мүмкіндіктерді арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Жобаның негізгі бағыттары:
- метан шығарындыларын азайту мәселелері бойынша көпжақты диалог жүргізу;
- мемлекеттік қызметшілер мен мұнай-газ компаниялары өкілдерін OGMP 2.0 қолдану бойынша оқыту;
- азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдерін метан туралы деректердің ашықтығы мәселелері бойынша оқыту;
- ақпараттық-түсіндіру науқанын өткізу;
- университеттерде ашық және қонақ дәрістерін ұйымдастыру.
Бірлескен жұмыс ашық диалогты нығайтуға және мұнай-газ секторындағы метан шығарындылары туралы деректердің ашықтығын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.
Жоба Канаданың жергілікті бастамаларды қолдау қорының (CFLI) қолдауымен жүзеге асырылады.