Қостанай облысы
Қостанай облысында Азаматтық қоғамды дамыту өңірлік орталығы жұмысын жалғастыруда
«Қостанай облысының Азаматтық Альянсы «ГрИн» қоғамдық қоры жанындағы Азаматтық қоғамды дамыту өңірлік орталығы өз жұмысын жалғастыруда.
Мұнда кез келген азамат ҮЕҰ қызметі, волонтерлік, әлеуметтік жобаларды іске асыру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және басқа да бағыттар бойынша тегін кеңес ала алады.
Әр айдың соңғы бейсенбісінде Ашық есік күні өткізіліп, барлық белсенді, бастамашыл және қоғамға бейжай қарамайтын тұрғындарды шақырамыз.
Шілде айында Орталығымызға жастардың волонтерлік ұйымдарының өкілдері келді. Қатысушылар еріктілік қызметтің мүмкіндіктерімен танысып, жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен жобалар туралы ақпарат алды. Олардың кейбірі волонтерлер қатарына қосылуға шешім қабылдады.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ тарапынан жүзеге асырылуда.