Қарағанды облысы
Діни сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Қазыбек би атындағы ауданның пробация қызметінде есепте тұрған азаматпен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шараның спикері — Дмитрий Сергеевич Полтаренко, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысы бойынша медиация кеңесінің төрағасы, «Контртеррористік комитет» РҚБ Қарағанды облысы бойынша филиалының жетекшісі, Қарағанды облысы МРО басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.
Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар рухани бірлікті және қоғамдық тұрақтылықты нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.