Қарағанды облысы
Діни сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №61 мекемесі» РММ-де жазасын өтеп жатқан сотталғандармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараның спикері — Канаев Дәурен Шегениязұлы, «Нұрлы білім» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» ҚБ жетекшісі.
Кездесуде «Халықты деструктивті идеологияға тартылудан қорғау» тақырыбына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары, мемлекеттің зайырлы сипатының маңызы және діни радикализмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді.