Қарағанды облысы

Конфессияаралық келісім мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Там. 24, 2026 | Қаралымдар: 96

«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Қазыбек би атындағы ауданның пробация қызметінде есепте тұрған азаматпен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Іс-шараның спикері — Дмитрий Сергеевич Полтаренко — Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысы бойынша Медиация кеңесінің төрағасы, «Контртеррористический комитет» РҚБ Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы, Қарағанды облысының МРО басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Кездесу барысында «Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық келісім» тақырыбы талқыланды.