Павлодар облысы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы еліміздің барлық 20 өңірінде «Адал Азамат – Белсенді қоғам» өңірлік жобалық кеңселерін іске қосады!

Шілде 6, 2026 | Қаралымдар: 58

Біздің мақсатымыз – ҮЕҰ мен белсенді азаматтарды қолдауға арналған қолжетімді инфрақұрылым құру және бүкіл үкіметтік емес сектордың әлеуетін нығайту.

Бұл сіздің ұйымыңыз үшін нені білдіреді?

Енді өз өңіріңізде тегін көмек пен қолдау алуға болатын сенімді тірек нүктесі жұмыс істейді. Жобалық кеңседе сіз:

Білікті кеңестер ала аласыз – заңгерлерден, қаржыгерлерден және менеджерлерден;

Оқудан өте аласыз – фандрайзинг, жобалық басқару, есептілік және басқа да маңызды бағыттар бойынша семинарларға қатыса аласыз;

Байланыс орнатып, тәжірибе алмаса аласыз – кездесулерге, ҮЕҰ-ға арналған Ашық есік күндеріне және үздік тәжірибелермен алмасу алаңдарына қатыса аласыз.

Біздің мақсатымыз – әрбір ұйымға сарапшылардың қолдауына қол жеткізуге мүмкіндік беру және сіздердің әлеуметтік бастамаларыңызды күшейту.

Жобалық кеңселер облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы өңірлік альянстардың базасында орналасады.

ҮЕҰ, бастамашыл топтар мен белсенді азаматтар үшін есігіміз әрдайым ашық!

Өңірлердегі өмірді бірге жақсы жаққа өзгертейік! 🇰🇿

Павлодар облысы бойынша байланыс

Өңірлік үйлестіруші:
Могилюк Светлана
8 705 207 4501

Байланыс тұлғалары:
Ералы Нурас — 8 708 290 2878
Нурханова Асель — 8 707 839 9497

Құрметпен,
Павлодар облысының командасы