Батыс Қазақстан облысы
«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» өңірлік кабинетінде консультациялық кездесу өтті
21 шілде күні «АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» өңірлік кабинетінде БҚО Азаматтық Альянсы қауымдастығының басшысы Д. Телегисова «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернаттары түлектерінің Батыс Қазақстан Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызғалиев Мәлік Мақсұтұлымен кездесіп, консультациялық қолдау көрсетті.
Кездесу барысында мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл орнату, сондай-ақ Орал қаласында балалар үйі мен мектеп-интернаттары түлектерінің форумын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша аталған бағыттар бойынша консультациялық қолдау көрсетіліп, алдағы бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.