Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында ITeachMe 8.0 білім беру жобасына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді
«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» жобасы аясындағы Ашық есік күні барысында Маңғыстау облысында ITeachMe қоры жүзеге асыратын ITeachMe 8.0 білім беру жобасына қатысу мүмкіндіктеріне арналған ақпараттық науқан өткізілді.
Кездесуге мүгедектігі бар жастар мен олардың ата-аналары қатысты. Қатысушыларға жобаға қатысу шарттары, қолжетімді оқыту бағыттары, жаңа цифрлық дағдыларды меңгеру мүмкіндіктері және кейіннен жұмысқа орналасу перспективалары туралы толық ақпарат берілді.
Мұндай бастамалар сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға және жастардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.
Қатысушылардың көпшілігі осы мүмкіндікті пайдаланып, жобаға қосылады деп сенеміз.
Баршаңызға қызығушылық танытып, белсенді қатысқандарыңыз және ашық пікір алмасқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Әрқайсыңызға жаңа білім мен digital саласындағы сұранысқа ие мамандықты меңгеру жолында сәттілік тілейміз!