Астана қаласы
Астанада ҮЕҰ мен азаматтарға арналған Ашық есік күні өтті
29 шілде күні Астанада «Стратегиялық әріптестік» жобасы аясында ҮЕҰ мен азаматтарға арналған Ашық есік күні өтті.
Кездесуге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, азаматтық белсенділер, қала тұрғындары, ОСИ төрағалары және тұрғын үй саласының мамандары қатысты.
Талқылауға «Шаңырақ» тұрғын үй саласындағы басқару, сервис және энергия сервистік субъектілерінің қауымдастығы» ОИПиЮЛ атқарушы директоры Мамбеталиева Чинара да қосылды.
Қатысушылар заңгерлік және практикалық кеңестер алып, ҮЕҰ қызметі, азаматтық бастамаларды дамыту, волонтерлік және мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының мәселелеріне және ОСИ төрағаларының қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге қатысуына ерекше назар аударылды.
Біз үшін бұл алаңның тек ҮЕҰ басшыларына ғана емес, азаматтарға, бастамашыл топтарға және әртүрлі кәсіби қауымдастықтардың өкілдеріне де ашық болуы маңызды. Айтылған барлық ұсыныстар жұмысқа қабылданып, алдағы күн тәртібін қалыптастыру кезінде ескерілетін болады.
Ашық есік күндері ай сайын өткізіледі.