Батыс Қазақстан облысы
«Адал Азамат – Белсенді қоғам» кеңсесінде Ашық есік күні өтті.
2026 жылғы 14 тамызда өңірлік «Адал Азамат – Белсенді қоғам» жобалық кеңсесінде Ашық есік күні аясында «Сапалы өнім» бағдарламасы шеңберінде азық-түлік өнімдерінің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында азық-түлік өнімдерінің сапасына қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу алгоритмі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар өкілдерінің өзара тиімді іс-қимылы талқыланды.
Ашық пікір алмасу мен өзара ынтымақтастыққа бағытталған кездесу азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға және қоғамдық бақылау мәдениетін дамытуға өз үлесін қосты.