Солтүстік Қазақстан облысы

«Адал Азамат – Белсенді қоғам» өңірлік жобалық кеңсесінің қызметі аясында өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және азаматтық белсенділермен жұмыс кездесулері мен консультациялар өткізілді.

Там. 21, 2026 | Қаралымдар: 133

Консультациялар барысында қатысушыларға келесі бағыттар бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді:

  • қоғамдық бастамалар мен әлеуметтік жобаларды әзірлеу және іске асыру;
  • ҮЕҰ-лардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысуы;
  • мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері;
  • ҮЕҰ қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері;
  • қаржыландыру тарту және конкурстар мен гранттық бағдарламаларға қатысу;
  • азаматтық белсенділікті дамыту және тұрғындарды қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тарту;
  • жобалық және есептік құжаттаманы дайындау;
  • ҮЕҰ қызметі мен қоғамдық бастамаларды ақпараттық сүйемелдеу және ілгерілету.

Консультациялардың негізгі мақсаты — ҮЕҰ мен азаматтық белсенділердің әлеуетін арттыру, олардың бастамаларды тиімді жүзеге асыруына және өңірдің дамуына белсенді қатысуына көмектесу.