Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Жасыл экономика-2024» өңірлік форумы өтті

2024 жылғы 23 қазанда Бішкек қаласында «Жасыл экономика-2024» өңірлік форумы өтті. Форум Орталық Азия елдері арасындағы жасыл энергетика, тұрақты туризм, жасыл құрылыс және қалдықтарды басқару сияқты жасыл экономиканың басым бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға арналды. Үкімет өкілдері, бизнес, даму банктері мен халықаралық ұйымдар өңірлік бастамаларды анықтап, олардың үйлестірілген іске асырылуын талқылады.
Форумның нәтижесінде қатысушылар үкіметтер мен қаржы институттарына ұсыныстар енгізіп, жасыл жобаларды қолдау, үздік тәжірибелермен алмасу және халықаралық ынтымақтастықты күшейту жолдарын белгіледі.